Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы (2008.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 133 Қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1471 тіркелген, 2001 жылғы 4 маусымдағы № 26 «Юридическая газета» газетінде жарияланған); 2) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1471 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2713 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және жергілікті мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, № 33-36, 991-бет.). 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Г.А. Бахтиярова): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|