|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 160 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына іріктеу және қабылдау тәртібін анықтау мақсатында, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ережесі) бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2007 жылғы 4 маусым
Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 74 бұйрығымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына іріктеу және қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 сәуірде (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 1118) тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың тұрпатты ережесіне (бұдан әрі - Тұрпатты ереже) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына (бұдан әрі - Институт) қабылдау тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|