|
Салық төлеушінің міндетті зейнетақы жарналарын толық есептеуі мен дер кезінде ұстап қалуына және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуына бақылау жасалуын салық органдарының тексеруі жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № НК-УНА-3-18/6699 Хаты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ СК) Зейнетақы жарналарын салық төлеушінің толық есептеуі мен дер кезінде ұстап қалуына және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрі - ЖЗҚ-на МЗЖ) аударуына бақылау жасалуын салық органдарының тексеруіне, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға (бұдан әрі - МӘСҚ-на әлеуметтік аударымдар) қатысты пайда болатын мәселелерге байланысты хабарлайды. Салық кодексінің 533-бабы 4-тармағының 1-тар-мақшасында кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру екені белгіленген. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері Салық кодексінің 11-тарауында белгіленген, оларға ЖЗҚ-на МЗЖ және МӘСҚ-на әлеуметтік аударымдар жатпайды. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы-ның Заңы (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 17-тармақшасына сәйкес МЗЖ деп Заңға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Респуб-ликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынатын ақша танылады. Салық кодексі 15-бабының 1-тармағында МЗЖ-ын ЖЗҚ-на және әлеуметтік аударымдардың МӘСҚ-на толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету міндетін салық органдарына жүктеу көзделген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|