|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 4-тармақтағы "күшіне енеді және жариялануға тиіс" деген сөздер "заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында: 1-тарауда: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) медициналық, дәрігерлік қызметтен айналысу; 10 мал дәрігерлік қызметпен айналысу; 6"; 4-тармақтың 25) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз "салыстырып тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |