|
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы № 1019 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы № 89/165 «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауына әзірлік және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы № 89/166 «2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындардың ұсынылған тізімі қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Е.Б.Омаров) аталған орындарды қалқан-стендтермен жарақтандырсын. 3. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланған соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін өз күшіне енеді. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М. Қалдығұловаға жүктелсін.
Қала әкімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|