|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің үгіт баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 872 қаулысы
«Қазақстан республикасындағы сайлау туралы» № 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына сәйкес, үгіт баспа материалдарын ретсіз орналастыруға жол бермеу мақсатымен, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің үгіт баспа материалдарын орналастыруға орындар № 1 қосымшаға сай белгіленсін. 2. Қоғамдық штабтар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің сенім білдірген адамдары үгіт баспа материалдарын тек қатал белгіленген орындарға ғана орналастырсын. 3. Үгіт баспа материалдарын (парақшаларды, плакаттарды, постерлерді және т.б.) мыналарда орналастыруға жол берілмесін: 1) Эстетикалық түрін, пайдалану сипаттамаларын сақтап қалу, қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ жолдарда апаттық жағдайлар жасауға жол бермеу мақсатымен электр тасымалдағыш желілердің тіректерінде, троллейбус желілерінде; 2) № 2 қосымшаға сай тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ескерткіштерді, обелискілерді, ғимараттар мен имраттарда. 4. Қала әкімі аппаратының басшысы Б.Қ.Есманов осы қаулыны қоғамдық штабтарға, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің сенім білдірген адамдарына жіберсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З.Сәрсембаевқа жүктелсін. 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|