|
|
|
Қазақстан Республикасының делегацияларын Сан-Пауло, Бразилиа, Рио-де-Жанейро қалаларына (Бразилия Федеративтік Республикасы), Вашингтон қаласына (Америка Құрама Штаттары) және Каир қаласына (Египет Араб Республикасы) іссапарға жіберу туралы (2007.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша кездесулер өткізу мақсатында: 1. Мыналар: 1) 1-қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2007 жылғы 19-24 маусым кезеңіне Сан-Пауло, Бразилиа, Рио-де-Жанейро қалаларына (Бразилия Федеративтік Республикасы); 2) 2-қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2007 жылғы 25 - 28 маусым кезеңіне Вашингтон қаласына (Америка Құрама Штаттары); 3) 3-қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2007 жылғы 29 маусым - 1 шілде кезеңіне Каир қаласына (Египет Араб Республикасы) іссапарға жіберілсін. ҚР Премьер-Министрінің 2007.20.06. № 195-ө Өкімімен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: 1) делегация мүшелеріне жол жүру құжаттарын белгіленген тәртіппен ресімдесін; 2) Ахметжан Смағұлұлы Есімовке қонақүйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Сан-Пауло - Бразилиа - Рио-де-Жанейро - Вашингтон - Лондон - Каир - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша; Әбіл Эсметұлы Күшіковке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Сан-Пауло - Бразилиа - Рио-де-Жанейро - Вашингтон - Майндағы Франкфурт - Каир - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша; Берік Серікұлы Оспановқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Сан-Пауло - Бразилиа - Рио-де-Жанейро - Вашингтон - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 маусымдағы № 170-ө өкіміне 1-қосымша
Сан-Пауло, Бразилиа, Рио-де-Жанейро қалаларына (Бразилия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы 2007 жылғы 19-24 маусым
Ескертпе: * - шығыстарды жергілікті бюджет есебінен жабады ** - шығыстарды өз қаражаты есебінен жабады
Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 маусымдағы № 170-ө өкіміне 2-қосымша
Вашингтон қаласына (Америка Құрама Штаттары) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы 2007 жылғы 25 - 28 маусым
Ескертпе: * - шығыстарды жергілікті бюджет есебінен жабады ** - шығыстарды өз қаражаты есебінен жабады
Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 маусымдағы № 170-ө өкіміне 3-қосымша
Каир қаласына (Египет Араб Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы 2007 жылғы 29 маусым - 1 шілде
Ескертпе: * - шығыстарды өз қаражаты есебінен жабады
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |