|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 338 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда: «Маңғыстау» деген жолдағы «1223» деген сандар «1285» деген сандармен ауыстырылсын; «ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «47424» деген сандар «47486» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Маңғыстау облысының әкімі: 1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |