Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 Бұйрығымен күші жойылды
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6-тармағына сәйкес және «зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы № 237-ІІІ Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тауар таңбасына өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігі 1996 жылғы 8 қазанда бекіткен Тауар таңбаларын тіркеуге өтінімдер құрастыру және беру ережелерінің (Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 296 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігі 1996 жылғы 8 қазанда бекітілген Тауар таңбасын тіркеуге өтінімдерді қарау ережесінің (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 6 мамырда № 297 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы (Баржақсы Н.Б.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Бекеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|