Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы
ҚР Үкіметінің 2008.21.04. № 367 Қаулысымен бекітілді 2014 жылғы 24 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері; өзара құрмет және тең құқылық негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің халықтары арасында достық және ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға ынта білдіре отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарына бейілділік таныта отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды мән бере отырып, мәдениет саласындағы дәстүрлі тығыз және жемісті байланыстарды ескере отырып, Тараптар мемлекеттерінің тең құқықтық және этномәдени өзіндік ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттарында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және нығайтуға ұмтыла отырып, төмендегі туралы келісті:
Тараптар халықаралық құқық нормаларына және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес музыка, театр, бейнелеу өнері, кинематография, мұрағат, кітапхана және мұражай ісі, мәдени мұра объектілерін қорғау, халықтық кәсіпшілік, сәндік-қолданбалы, көркемөнерпаз, эстрадалық және цирк өнері, сондай-ақ шығармашылық қызметтің басқа да түрлері саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тараптар ынтымақтастықты және осы мақсатта, қажеттілігіне қарай, Тараптар мемлекеттерінің мәдениет саласындағы өзара іс-қимылы мәселелері бойынша ақпараттық және нормативтік-құқықтық базасын одан әрі нығайтуды қолдайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|