|
2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат өрттерін
Орман және дала өрттерінің пайда болуы мен таралуын болдырмау, оларды жоюды, елді мекендерді өрттен қорғауды, адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыруды, облыстың аумағындағы ірі өрттерді өшіруге қатысатын жедел қызметтер мен әртүрлі меншік түріндегі субъектілердің арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының аумағында, әсіресе Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан, Көкпекті аудандарында өрт қауіптілігінің жоғары болып тұрған кезінде 2007 жылғы 15 қазанға дейін жеке тұлғалардың болуына тыйым салсын және орманды пайдалану құқығын тоқтатсын. 2. Қоса беріліп отырған 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.В.Плотниковқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|