|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 653 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1350 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Бірлескен мемлекеттік экспорттық-импорттық валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 653 қаулысы; 2) «Резиденттердің резидент еместерден экспорт бойынша төлемдер алуы, егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсімді алу арасындағы мерзім 365 күннен асып кеткен жағдайда лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 563-құжат). 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |