Білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы (2008.27.03. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010.04.11. № 384 қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы», «Мәдениет туралы», «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мүгедектерді, сондай-ақ әлеуметтік осал санатындағы отбасыларының балаларын, ата-анасы мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінің және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындардың қызметкерлері болып табылатын отбасылардың балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Өңірдің кадрға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытуға әлеуметтік көмек белгіленсін (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек). 2. Маңғыстау облысының әкімі жыл сайын өңірдің қажеттілігіне қарай мамандықтардың тізбесін және білім алушылар санын бекітеді. 3. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін конкурсқа қатысуға құқылы үміткерлерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. Конкурсқа жалпы білім беретін мектептерді, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер (бұдан әрі - Үміткерлер) жіберіледі. 5. Комиссия конкурсқа қатысушы Үміткерлерді әрбір елді мекеннің мамандарға деген қажеттілігіне қарай, әлеуметтік мәртебесін, жалпы білім беретін мектеп түлектерінің Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысын назарға ала отырып іріктейді. 6. Комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|