|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы № 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде: 2-тармақта «орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының,» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Нормативтік құқықтық кесімнің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.»; 8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Нормативтік құқықтық кесім бірнеше мүдделі мемлекеттік органмен келісілген (қол қойылған) жағдайда, нормативтік құқықтық кесім мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (қол қойған) күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.»; 9-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «Нормативтік құқықтық кесімді қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіруге тиіс.»; 15-тармақтың бірінші абзацы «осы Ережеде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде» деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақта «3)» деген сан «4)» деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |