|
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық
ҚР Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы № 590 Жарлығымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер, Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымның (бұдан әрі - ҰҚШҰ) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ҰҚШҰ шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық саласында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды қорғаудың маңыздылығын сезіне отырып, тең және өзара тиімділік қағидаттарын негізге ала отырып, Тараптардың күшін үйлестіру және әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану кезінде құқық бұзушылықтарға жол бермеу және олардың жолын кесу үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттілігін назарға ала отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім үшін мынадай мәндері бар негізгі терминдер пайдаланылады: «әскери-экономикалық ынтымақтастық» - әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу, пайдаланылуын қамтамасыз ету және кәдеге жарату, сондай-ақ әскери өндірісті әртараптандыру мен конверсиялау кезінде ұлттық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің өзара іс-қимылымен байланысты мемлекетаралық қатынастар саласы; «зияткерлік меншік» - 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольм қаласында қол қойылған, 1979 жылғы өзгерістермен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құрушы Конвенцияның 2-бабында көрсетілген мағынада ұсынылады; «ақпарат» - әскери-экономикалық (әскери-техникалық) ынтымақтастық, оларды орындау барысында Тараптар арасында жасалған шарттардың (келісім-шарттардың) және/немесе оларды ұсынудың нысанына қарамастан алынған нәтижелердің мәніне қатысты заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы мәлімет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|