TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық (2007.16.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 26 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 12.11.03 ж. № 1132; 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2007.16.02. № 118 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Виктор Васильевич Супрун белгіленсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 34-құжат); 2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 493-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|