Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы
2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2008 жылғы 22 сәуірдегі № 26-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы, Мына төмендегілер туралы келісті:
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 5-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Мемлекетаралық Кеңес кеден одағының жоғары органы болып табылады. Кеден одағы мәселелері бойынша шешімді кеден одағын құратын Уағдаласушы Тараптардың Мемлекетаралық Кеңесінің мүшелері қабылдайды, Мемлекетаралық Кеңестің басқа мүшелері кеңесші дауыс құқығына ие. Мемлекетаралық Кеңестің оның кеден одағының жоғарғы органы функцияларын орындау кезінде жұмыс тәртібінің ерекшелігі Мемлекетаралық Кеңес бекіткен Ережемен анықталады».
Шарттың 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап Қоғамдастық Соты
Уағдаласушы Тараптардың осы Шартты және Қоғамдастық шеңберінде қолданылып жүрген басқа да шарттарды, және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдерді бірыңғай қолдануды қамтамасыз етеді. Қоғамдастық Соты сонымен бірге Уағдаласушы Тараптардың арасында ЕурАзЭҚ органдарының шешімдерін және Қоғамдастық шеңберінде қолданылатын шарттардың ережелерін іске асыру мәселелері бойынша туындаған экономикалық сипаттағы дауларды қарайды, олар бойынша түсінік, сондай-ақ қорытынды береді. Кеден одағын қалыптастыратын Уағдаласушы тараптардың кеден аумақтарын біріктіргеннен кейін, Қоғамдастық Соты: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|