Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласындағы Сұлтан Аз-Захер Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы
2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 117-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі, екі ел арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастардың маңыздылығын ескере отырып, өзара ынтымақтастықты дамытуға тілек білдіре отырып, мәдени ынтымақтастықтың халықтар арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара түсіністікті тереңдетуге қызмет ететінін түсіне отырып, мыналар туралы келісті:
1-бап
Тараптар египет Тарабы дайындаған жоспар мен техникалық жобаларға сәйкес Египет Араб Республикасының Каир қаласындағы Сұлтан Аз-Захер Бейбарыс мешітін (бұдан әрі - мешіт) қалпына келтіру жөніндегі бірлескен іс жүзіндегі шараларды қабылдайды. Тараптардың әрқайсысы мешітті қалпына келтіруді қаржыландырады. Қазақстандық Тарап қайтарымсыз негізде 4 миллион 500 мың АҚШ долларын бөледі. Көрсетілген сома 2007-2009 жылдар ішінде тең мөлшерде бөлінеді. Мешітті қалпына келтіру жөніндегі шығыстардың қалған бөлігін египеттік Тарап жабады. Қайтарымсыз негізде қазақстандық Тарап бөлетін қаражат Египет Араб Республикасының заңнамасы белгілеген салықтар мен алымдарды төлеу үшін қандай да бір түрде пайдаланылмайтын болады.
2-бап
Египеттік Тарап тиісті египет заңнамасына сәйкес мешіттегі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін қалпына келтіру саласындағы египеттік білікті құрылыс компанияларының қатарынан бас мердігерді анықтайды.
3-бап
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|