|
Мақта нарығының мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 15-07/474 бұйрығымен күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мақта нарығының мониторингін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген
Мақта нарығының мониторингін жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта нарығының мониторингін жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мақта нарығының мониторингін жүргізудің тәртібін белгілейді. 2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысушы жеке және заңды тұлғалар; 2) мақта нарығының мониторингі (бұдан әрі - мониторинг) - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 3) мониторинг объектілері - мақта нарығына қатысушылардағы шитті мақта және оның бастапқы өңдеу өнімдері (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|