Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі № 362 бұйрығымен Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
«Ауыл шаруашылығы министрлігі беретіндерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт, Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беруде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету, «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының, «Көлік құралдарын басқаруға рұқсат алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылдың 12 қазандағы № 343 бұйрығының негізінде жүргізіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті, облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан қабылдау бөлімдері (бұдан әрі - ЖП ТЕҚБ) көрсетеді. (Қосымша 1) 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны жүргізуші куәлігін беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі өтінішін беру). 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі: 1) Өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 6 сағаттан аспауы тиіс; 2) Құжаттарды тапсыру үшін, кезек күту уақыты ең көп дегенде: 40 минуттан аспауы тиіс; 3) құжаттарды қайта алу үшін кезекте күту уақыты ең көп дегенде: 30 минуттан аспауы тиіс. Ескерту: Жүргізуші куәлігін жұмыс күні ішінде екі мезгіл жүргізіледі (сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін және 18.00-ден 19.00-ге дейін). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|