|
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестілігі туралы (2007.08.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі С.М.Жалыбиннің, Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Ү.Ш.Сейітқазиннің, Қазақстан адвокаттар одағы президиумының мүшесі, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Ғ.Ыбраеваның және «Интерколледж» Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасының мүшесі Н.Е.Жанәбіловтың қатысуымен ашық отырысында Алматы қалалық сотының «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестілігі туралы ұсынымын қарады. Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі А.К.Котовты, отырыс қатысушыларын тыңдап, тәуелсіз сарапшы - заң ғылымдарының кандидаты М.К.Өмірқұловтың қорытындысымен танысып шығып және қолда бар материалдарды зерделей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: 1999 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Алматы қалалық сотының, жоғарыда көрсетілген соттың шаруашылық істер жөніндегі алқасының өндірісінде Алматы қаласы прокурорының Алматы қаласының «Интерколледж» Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасының құрылтайшылық құжаттарын жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының әділет басқармасына, Алматы қаласының әкіміне, Алматы қаласының «Интерколледж» Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасына талабы бойынша № 147 пд/8 іс қаралуда деп көрсетілген ұсынымы келіп түсті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|