|
Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын,
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9 Нормативтік Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың: өтініш субъектісінің өкілдері - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Г.Квятковскаяның және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі А.Н.Котловтың, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы Б.М.Имашевтың, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің төрағасы К.П.Пірімқұловтың, Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының бірінші вице-президенті И.С.Дацюктің, Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының вице-президенті Т.И.Кононованың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Республика Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын, 8-бабын және 66-бабының 5) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңес мүшесі В.Д.Шопинді, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2001 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын, 8-бабын және 66-бабының 5) тармақшасын Ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|