|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығын және кесенесін салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығын және кесенесін салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бағдат Құлтайұлы Әміреевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығын және кесенесін салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға уәкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |