|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 235-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесінде: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға конкурсқа қатысуға өтінім берген жағдайда конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды. Қайтадан өткізілетін конкурсқа біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға қатысқан жағдайда, мұндай тұлға конкурс жеңімпазы болып танылады.»; 28-тармақта «салық органы бір жақты тәртіппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |