|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы (2007.24.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1276 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қаржы полициясы академиясы ғимаратының (мәжіліс залының төбесі) кенеттен құлауын, жылу және су құбыры желілеріндегі апатты жоюға және онда басқа да құрылыс жұмыстарын жүргізуге 89500000 (сексен тоғыз миллион бес жүз мың) теңге бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |