|
Павлодар қаласының кәріз жүйесін іске қосу қағидасы туралы. Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 11 қазандағы № 1255/21 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 22, 33 тарауларына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 56, 66, 72 баптарына сәйкес, қалалық кәріздік жүйені іске қосу және жұмысты жақсарту, қоршаған ортаға кері әсер ететін тазартылмаған өндірістік ағынды сулар төгіндісін болдырмау мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласының кәріз жүйесін іске қосу қағидасы (бұдан әрі - қағида) бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. У. Кәменовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ: Ертіс бассейнді су шаруашылық басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы К. Адаспаева
Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы В. Бедненко
КЕЛІСІЛДІ: Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы Қ. Сәкиев
2007 жылғы 11 қазандағы № 1255/21 қаулысымен бекітілді
Павлодар қаласының кәріз жүйесін іске қосу қағидасы
1. Жалпы ереже
1. Осы қағида өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар төгіндісін қалалық кәрізге қабылдауды ұйымдастыру тәртібін анықтайды және су шаруашылығы ұйымы мен су құбыры - кәріздік қызметінің тұтынушылар арасындағы (бұдан әрі - Абоненттер) өз ара қатынастарын реттейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|