Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2007.12.10. № 23-887қ қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2006.09.03. № 23-10-207қ қаулысымен преамбула жаңа редакцияда «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-б «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы» бұйрығын орындау барысында, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III «Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы» шешімін ескеріп, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Астана қаласы әкімдігінің 2006.09.03. № 23-10-207қ қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Азаматтардың мынадай санаттарына қалалық қоғамдық көліктердің, меншіктің барлық түрлерінде, тегін жол жүру құқығы берілсін: 1) жасы келген және Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге; 2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оған теңестірілген тұлғаларға; 3) І, II топтағы мүгедектер мен жасы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға; 4) күш құрылымдарының (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақы алушыларға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|