|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
2007-2008 жылғы күзгі-қысқы кезеңде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Шығыс Қазақстан облысының әкіміне аудару үшін 2007-2008 жылғы жылыту кезеңіне Семей қаласына отынның нормативтік бір айлық қорын жасауға 297500000 (екі жүз тоқсан жеті миллион бес жүз мың) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |