Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2007 жылғы 14 қарашадағы жедел ақпараты
Макроэкономикалық үрдістер. Жалпы ішкі өнімнің көлемі, жедел деректер бойынша, 2007 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ағымдағы бағаларда 8971,1 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің өсуі 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,7% құрады. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі ЖІӨ-ден 44,5%, қызмет көрсету - 53,6% болды. 2007 жылғы қазанда тұтыну бағаларының индексі 2006 жылғы қазанмен салыстырғанда 115,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 21,2%, азық-түлік емес тауарлар - 8,4%, ақылы қызмет - 13,3% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2007 жылғы қазанда 2006 жылғы қазанмен салыстырғанда 18,7% өсті. Жұмыссыздар саны 2007 жылғы қазанда, сараптамалық бағалау бойынша, 594 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда - 7,3% құрады, соның ішінде жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдардың саны ағымдағы жылғы қазанының соңында 65,1 мың адамды құрап, олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі 0,8% болды. Экономиканың нақты секторы. 2007 жылдың қаңтар-қазанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 6135,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-қазаннан 4,5% көп. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,9%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 6,9%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде - 5,3% өсті. 2007 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 921,0 млрд. теңгені құрап, 2006 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 8,5% өсті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|