Электр энергиясын Тәуелсіз Мемлекеттер
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1118 Қаулысымен мақұлданды
Үкіметтер атынан бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Еуропалық Энергетикалық Хартияның ережелерін және 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық Хартияға шартты басшылыққа ала отырып, 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды үйлестіру туралы келісімін, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімді, 1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шартты және 2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергиясы мен қуатының транзиті туралы келісімді назарға ала отырып, Тараптардың электр энергетикалық жүйелерін басқаруда өзара сенімділік пен ынтымақтастық негізінде электр энергетикасы саласында тең құқылы ынтымақтастыққа әзірлікті білдіре отырып, Тараптардың электр энергетикалық жүйелері қатарлас жұмысының техникалық және экономикалық басымдықтарын пайдалану мақсатында, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы нарығын қалыптастыру мен кеңейтуге жәрдемдесуге ұмтыла отырып, мемлекетаралық электр энергиясымен алмасулардың кедендік реттеудің оңайлатылған тәртібін белгілеу қажеттілігін ескере отырып, тауар ретінде электр энергиясының ерекшеліктерін назарға ала отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
Электр энергиясын Тараптардың электр энергетикалық жүйелері арасында өткізу кезінде үйлестірілген және оңайлатылған кедендік рәсімдерді белгілеу осы Келісімнің мақсаты болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|