|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы
2008.01.07. № 52-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті: 1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-баптың бірінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын: «ТМД-ның үкіметаралық органы болып табылатын». 1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Электр энергетикалық кеңестің мүшелері атқарушы биліктің тиісті орталық органдарының, сондай-ақ мемлекеттердің атынан тиісті өкілеттіктер берілетін, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық ведомстволары мен ұлттық энергетикалық компанияларының басшылары болып табылады». 1.3. 1-бап үшінші абзацпен толықтырылсын: «Осы Келісімге қатысушы әрбір мемлекет Электр энергетикалық кеңесте бір дауысқа ие болады». 1.4. 2-баптың 2.11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Электр энергетикасы саласындағы бірлескен экологиялық бағдарламаларға қатысу». 1.5. 2-бап мынадай тармақтармен толықтырылсын: «2.14. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмысының техникалық ережелерін әзірлеу. 2.15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерінің өзге де энергия бірлестіктерімен өзара іс-қимылын үйлестіру. 2.16. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге еуропалық және әлемдік энергетикалық қоғамдастықтар шеңберіндегі ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу». 1.6. 2-баптың 2.2-тармағындағы «үйлестірілген» деген сөз алынып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|