|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға қосымшада: Туризм жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
«Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті төрағасының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан «АЛАРК» жеңіл авиация қауымдастығының президенті (келісім бойынша)»; көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы, Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, Зәкіриянов Қайрат Хайроллаұлы, Казанцев Павел Олегович, Уәлиев Қазбек Шәкімұлы, Қоңырбаев Уәлихан Сиянбекұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі кеңес туралы ережеде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.» 19-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті» деген сөздер «Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |