|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1321 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1321 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақта: «баламалы бағалар бойынша» деген сөздерден кейін «және көлемде» деген сөздермен толықтырылсын; «кеңестің хаттамасында» деген сөздерден кейін «және оған 2007 жылғы 19 қыркүйектегі толықтыруларда» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2-тармақта: «келісім күшіне енгенге» деген сөздер «келісімде көзделген Орынбор газ өңдеу зауытының базасындағы бірлескен кәсіпорын тіркелгенге» деген сөздермен ауыстырылсын; «осы қаулының 1-тармағынан туындайтын» деген сөздер «аталған Келісімнің шеңберінде жүзеге асырылатын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына Орта Азиялық және Ресей газының тең мөлшерін қарсы жеткізуге қатысты шарт жасалатын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Осы тармақтан туындайтын газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелерді жүзеге асыру кезінде уәкілетті ұйымдар салық салу мақсатында бөлек есеп жүргізеді». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |