Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету туралы
Осы редакция 2007 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді және 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімді Қазақстан Республикасының ішкі нарығын Қарашығанақ кен орнының газымен, оның ішінде өзара тиімді шарттарда қарсы жеткізілімдер жолымен басымдықты қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 17 шілдедегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Президенттерінің арасындағы Қарашығанақ кен орнының газын қайта өңдеу және сату саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы декларацияны және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамы арасында 2006 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелері бойынша кеңестің хаттамасында көрсетілген баламалы бағалар бойынша Қарашығанақ кен орнының өңделген газына Орта Азия және Ресей газының тең мөлшерін қарсы жеткізу жолымен 2007 жылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету туралы ұсынысымен келісілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енгенге дейін трансферттік баға белгілеуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде осы қаулының 1-тармағынан туындайтын мәмілелерді салық салу мақсаттары үшін түзетуге жатпайтын «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлемдер шарттарын пайдаланатын мәмілелер ретінде қарасын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағына сәйкес жеткізілетін газ көлемінің сандық бақылануын, мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
|