|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1161 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
2009 жылғы 10 шілдедегі № 181-ІV ҚР Заңын қара
1-бап. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бап: мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - уәкілетті органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкілеттігін ресми тануы; 2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы; 3) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі; 4) бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбесі - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күнтізбелік жылға бекітетін, спорт ұйымдарының жоспарын ұйымдастыру мен оқу-жаттығу жұмысын өткізуді реттейтін ресми құжат; 5) дене шынықтыру - мәдениеттің ажырамас бөлігі, қоғам адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|