Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымының ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 206 бұйрығымен күші жойылды
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымының ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр
Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 683 бұйрығымен бекітілген
Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымының ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының ережесі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының тәртібін реттейді. 2. Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы тамаққа биологиялық активті қоспалар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беруге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|