Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазан № 288 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығару) ресімдеу» (2009.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу Қазақстан Республикасында халықтың ішкі көші-қонын есепке алу жүргізу мақсатында жүзеге асырылады (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының және «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3513 болып тіркелген), негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. 5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысаны азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркеуден шығару) туралы белгімен азаматтарды тiркеу кітабын беру болып табылады. 6. Тұратын жері бойынша тіркеуге Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе тұрақты тұруға шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары жатады. Тіркеуден басқа тұратын жеріне шығып кеткендер, сот үкімінің негізінде бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сот шешімімен тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар жатады. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|