|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 201-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 1-тармақта «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң)» деген сөздер Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті» деген сөздер «облыстың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта «жеке немесе» деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақта «жеке немесе» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақта: 1), 2) тармақшаларында «техникалық» деген сөз алынып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны; қабылдау, сақтау, тазалау және беру, мақта талшығы мен мақта тұқымын ақтау, беру жөніндегі технологиялық операцияларды қамтитын, мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет;»; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға.»; 6-тармақта: 2) тармақшада «заңды тұлға үшін - «деген сөздер алынып тасталсын; 3), 4) тармақшалар алынып тасталсын; 8) тармақшада: бірінші абзацтағы «жеке тұлға немесе» деген сөздер алынып тасталсын; бесінші абзац алынып тасталсын; «тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген сегізінші абзац мынадай редакцияда баяндалсын: «тиеу-түсіру тетіктерінің»; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «өрт сөндіру құралдарының»; «қоршау құрылыстарының»; 9) тармақшада: екінші абзацтағы «жеке тұлға немесе» деген сөздер алынып тасталсын; «тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген алтыншы абзац мынадай редакцияда баяндалсын: «тиеу-түсіру тетіктерінің»; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «өрт сөндіру құралдарының»; «қоршау құрылыстарының»; 10) тармақшада «жеке тұлға немесе» деген сөздер алынып тасталсын; 9-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын; 12-тармақтың бірінші абзацында «Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда,» деген сөздер алынып тасталсын; 14-тармақтың 2) тармақшасында «жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда,» деген сөздер алынып тасталсын; 15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық бақылауды лицензиар жүзеге асырады.» 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: 3) тармақшада: төртінші абзац алынып тасталсын; «тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген жетінші абзац мынадай редакцияда баяндалсын: «тиеу-түсіру тетіктерінің»; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «өрт сөндіру құралдарының»; 4) тармақшада «орналасқан орыннан тыс жердегі» деген сөздер «тұрған жерден тыс орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын; «тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген алтыншы абзац мынадай редакцияда баяндалсын: «тиеу-түсіру тетіктерінің»; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «өрт сөндіру құралдарының»; 5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.«. 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |