|
|
|
Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, Тараптар мемлекеттерінің азаматтарының Тараптар мемлекеттерінің шекаралас аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау үшін төмендегі жөнінде келісті:
Келісімге мынадай толықтырулар енгізілсін: 1. Кіріспе төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын: «Тараптар мемлекеттерінің шекараларынан өту және еңбекші мигранттардың, оның ішінде шекаралас еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігіне орай». 2. 2-бап төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын: «шекаралас еңбекші» - бір іргелес мемлекеттің шекаралас аумағында жұмыс істейтін және оған күнде немесе не болғанда аптасына кемінде бір рет оралып отыратын өзге іргелес мемлекет аумағындағы тұрғылықты жерін сақтайтын еңбекші-мигрант». 3. Келісім 3-баптан кейін мынадай мазмұндағы жаңа баппен толықтырылсын: «31-бап Тараптар екіжақты және көпжақты келісімдер негізінде шекаралас еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асыруының қарапайым тәртібін қолданады».
2-бап.
Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді орындалғаны туралы үшінші хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді. Мемлекет ішіндегі рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін Хаттама тиісті құжаттар депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшіне енеді. Мәскеу қаласында 2005 жылдың 25 қарашасында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Атқарушы комитетінде сақталуда.
Молдова Республикасының ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің күн тәртібінің 8.11-тармағы бойынша ЕСКЕРТУІ
Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
«Келісімнің осы Хаттама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бөлігіндегі ережелер Молдова Республикасының ұлттық заңнамасына және осы саладағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес қолданылады».
Осы арқылы, ұсынылып отырған мәтін 2005 жылдың 25 қарашасында Мәскеу қаласында жасалған Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |