|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстан Үкіметі арасындағы Каспий маңы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстан Үкіметі арасындағы Каспий маңы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстан Үкіметі арасындағы Каспий маңы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |