|
|
|
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық (2008.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 150-бабы 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысымен Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.28.11 № 1104 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі
1. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салуды көздейтін жобалар, оның ішінде: 1) 250 оқушыға дейінгі жалпы білім беретін орта мектептер салу; 2) 300, 600, 900, 1000, 1200 оқушыға арналған орта мектептер салу; 3) 280 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу; 4) 500 оқушыға дейінгі мектеп-интернаттарын салу; 5) дәрігерлік амбулаториялар салу; 6) медициналық пунктер салу; 7) перзентхана бөлімшесі бар 180 төсекке арналған көп бейінді ауруханалар салу; 8) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар салу; 9) қоса алғанда 200 төсекке дейінгі көп бейінді балалар ауруханаларын салу; 10) қоса алғанда 100 төсекке дейінгі ауылдық ауруханалар салу; 11) 60 төсекке арналған перзентханалар салу; 12) ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емханалар салу; 13) ауысымында 500 адам қабылдайтын қалалық емханалар салу; 14) қоса алғанда 100 төсекке және ауысымында 150 адамға дейін қабылдайтын туберкулезге қарсы диспансерлер салу; 15) жылына 20000 литрге дейін дайындау көлемі бар қан орталықтарын салу; 16) ауысымында 100 адам қабылдайтын емханалары бар 60 төсек-орындық госпитальдар салу; 17) әскери қалашықтар аумағында пәтер үлгісіндегі 100 бөлмеге арналған үлгі жатақханалар салу; 18) әскери қалашықтар аумағында үлгі 120 пәтерлік тұрғын үйлер салу; 19) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биіктігі - қоса алғанда 5 қабатқа дейінгі көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын (бір мезгілде 300-ден аспайтын адам болатын) салу; 20) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биіктігі қоса алғанда 3 қабатқа дейінгі көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын салу; 21) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу; 22) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу; 23) әскери қалашықтар аумағында қызмет көрсету күніне 240 адамға дейінгі үлгі спорт кешендерін салу; 24) республикалық және облыстық маңызы бар аудандарда, қалаларда 320 адам өткізу қабілеті бар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің объектілерін салу; 25) тәулігіне қоса алғанда 100 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар темір жол вокзалдарын салу; 26) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар сапаржайлар салу; 27) авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса алғанда 75 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар әуевокзалдары мен әуежай терминалдарын салу; 28) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар теңіз және өзен вокзалдарын (жүзетін айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда) салу; 29) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бір қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтарын салу. 2. Қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салуды көздейтін жобалар, оның ішінде: 1) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтарын салу; 2) 30 жұмыс орнына дейін Қазақстан Республикасы салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарын салу; 3) аумақтық қазынашылық бөлімшелерін орналастыру үшін үлгі ғимараттар салу. 3. Үлгі жобалық шешімдерді қолдануды көздейтін құқық тәртібі, өрт, фито-санитарлық, ветеринарлық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі объектілер салуды көздейтін жобалар, оның ішінде: 1) желілік ішкі істер бөлімдерін орналастыру үшін 75, 150, 470 орынға арналған ғимараттар (кешендер) салу; 2) аудандық ішкі істер бөлімдерін орналастыру үшін 75, 150, 470 орынға арналған ғимараттар (кешендер) салу; 3) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары үшін қызметтік кордондар салу; 4) табиғат қорғау мекемелерінің бақылау-өткізу пункттерін салу; 5) табиғат қорғау мекемелерінің өртті қадағалау мұнараларын салу; 6) табиғат қорғау мекемелерінің өрт-химия станцияларын салу; 7) түзеу мекемелерін қорғау жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілер салу. 8) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу. 4. Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңартуды көздейтін жобалар. 5. Автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелерін қайта жаңартуды көздейтін жобалар. 6. Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалығын күшейтуді көздейтін жобалар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |