|
|
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.М.Тәжинді Бішкек қаласына (2007.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.М.Тәжиннің Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) ресми сапарын өткізу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 2007 жылғы 12-13 қараша кезеңіне Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберілсін. ҚР Премьер-Министрінің 2007.19.12. № 378 Өкімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: Марат Мұханбетқазыұлы Тәжинге қонақ үйде тұруға және тәуліктікке 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін; Алматы - Бішкек - Астана - Алматы бағыты бойынша арнайы рейстің шығыстарын 2007 жылға арналған республикалық бюджетте «001 «Сыртқы саясат қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасының «Орталық органдар аппараты» кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен төлесін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |