|
|
|
Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсетуші болып белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1076 қаулысында көзделген қаражат есебінен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; 2) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |