Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі
2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1213 Қаулысы
«Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысын орындау үшін және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1213 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі | Болжанатын шығыстар (млн.теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық санасын арттыру және қауіпті мінез-құлқын ескерту |
1.1 | Жол қозғалысына қатысуға жүргізу-шілерді дайындау мен рұқсат беру жүйесін нормативтік-құқықтық реттеуді және әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруді жүзеге асыру. | Үкіметке есеп | ІІМ (жинақтау), БҒМ, ККМ | 2008 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | |
1.2 | «Назар аударыңыз, балалар», «Автобус», «Қауіпсіз жол» және т.б. жедел-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. | Үкіметке есеп | ІІМ (жинақтау), ККМ, БҒМ, МАМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 2008-2010 жылдар | талап етілмейді | |
1.3 | Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтерді жасау және олардың орталық, республикалық телеарна- лардағы прокатын қамтамасыз ету. | республикалық бюджет комис- сиясына бюджеттік өтінім | ІІМ (жинақтау), МАМ | 2008 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
1.4 | Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша «Қазақстан» республикалық телеарнасында мамандандырылған бағдарлама жасау. | республикалық бюджет комис-сиясына бюджеттік өтінім | ІІМ (жинақтау), МАМ | 2008 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
1.5 | Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндіретін және оқырмандардың хаттары мен сұрақтарына жауаптар бар жол қозғалысына қатысушыларға арналған жалпы республикалық журнал ашу. | республикалық бюджет комис- сиясына бюджеттік өтінім | ІІМ (жинақтау), МАМ | 2008 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
2. Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек көрсету жүйесін дамыту және салдарларын жою |
2.1 | Төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау және жол органдарының кезекші-диспетчерлік қызметтерін жол полициясының кезекші бөлімдерімен байланыстыру жөнінде үлгілік шешімдерді пысықтау. | бірлескен бұйрық | ІІМ (жинақтау), ДСМ, ККМ, ТЖМ | 2008 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | |
2.2 | Шұғыл медициналық көмек көрсету және жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жою жөнінде автомобиль жолдарында арнайы қызметтер ұйымдастыру мәселесін қарау және Үкіметке негізделген ұсыныстар енгізу. | Үкіметке ұсыныстар | ТЖМ (жинақтау), ДСМ, ІІМ, ККМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 2008 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | |
3. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру |
3.1 | Республика жолдарында апаттылықтың деңгейін төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау мақсатында әкімшілік заңнаманы одан әрі жетілдіруді жалғастыру | Әкімшілік заңнаманы жетіл- діру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсыныстар | ІІМ | 2008-2010 жылдар | талап етілмейді | |
3.2 | Жолаушылар және жүктерді автомобильдермен тасымалдауды жүзеге асыруға бірлескен рейдтік тексерулер жүргізу. | бірлескен бұйрық | ІІМ (жинақтау), ККМ | Тұрақты | талап етілмейді | |
3.3 | Автокөлікте ірі жол-көлік оқиға- ларын олардың жасалу себепте- рін, жағдайларын және алғышарттарын анықтау мақ- сатында бірлескен тергеулер жүргізу. | бірлескен бұйрық | ІІМ (жинақтау), ККМ | Тұрақты | талап етілмейді | |
3.4 | Көліктік бақылаудың: Астана қаласында «Қызыл-Жар», Атырау облысында «Атырау», Қарағанды облысында «Заречный», Батыс Қазақстан облысында «Ақжайық», Ақтөбе облысында «Қарабұтақ», Жамбыл облысында «Шығанақ» 6 бекетін стационарлық таразы жабдығымен техникалық жарақ- тандыруды жүзеге асыру. | мемлекеттік қабылдау актісі | ККМ (жинақтау), ЭБЖМ | 2008 жыл | 221,329 | республикалық бюджет |
3.5 | Жол қозғалысы ережелерін бұзуды процессингтік орталықтары бар бейнебақылау және тіркеу жүйелерін сатып алу. | республикалық бюджет комис- сиясына бюджеттік өтінім | ІІМ | 2008 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
3.6 | Штат саны 29 бірлікті (ұшу, инженерлік-техникалық құрам) тікұшақ техникасын пайдалануды, ұстау және қызмет көрсетуді қосымша қаржыландыра отырып жол полициясын тікұшақ техникасымен жарақтандыру. | республикалық бюджет комис- сиясына бюджеттік өтінім | ІІМ | 2008 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
3.7 | Жол полициясының «Шеп» жүйесінің бекеттерін және Ішкі істер департаменттерінің жол полициясы басқармаларын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бойынша көлік құралдарын сәйкестендірудің стационарлық және ұтқыр аппараттық-бағдарламалық кешендермен жарақтандыру. | республикалық бюджет комис- сиясына бюджеттік өтінім | ІІМ | 2009 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді | |
3.8 | Жол қозғалысы, электрондық жүргізуші куәлігімен өзара іс-қимыл жасау (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жол полициясы бөлімшелері үшін ұтқыр терминалдар, серверлер, жұмыс станцияларын сатып алу) саласында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу жөніндегі «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау. | инвестициялық жоба | ІІМ (жинақтау), АБА, ЭБЖМ | 2008 жыл | 287,536 | республикалық бюджет |
Республикалық бюджеттен барлығы | 508,865 | |
2008 жылға | 508,865 | |
Ескертпе: Республикалық бюджет бойынша 2009-2010 жылдарға арналған шығыстар сомасы 2009-2010 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылануы тиіс.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
МАМ - Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
ККМ - Көлік және коммуникация министрлігі
ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі
АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі