|
2007 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша республика соттарының
Азаматтық істерді қарау
2007 жылдың 9 айында республика соттарына барлығы 271 467 іс түскен, бұл 2006 жылдың 9 айында сотқа түскен 272 494 істен 0,4 % төмен. 255 246 азаматтық іс іс жүргізумен аяқталған, олардың ішінен шешім шығарылып қаралғаны 161 768 іс немесе 63,4 %. 2006 жылдың осындай кезеңінде 262 209 іс іс жүргізумен аяқталған, олардың ішінен шешім шығарылып қаралғаны 166 420 іс немесе 63,5 %, яғни шешім шығарылып қаралған істердің саны 4 652 іске немесе 2,8 % кеміген. 2007 жылдың есепті кезеңінде іс жүргізу мерзімі бұзылып 25 іс қаралған немесе 0,01 %, 2006 жылдың ұқсас кезеңінде - 31 азаматтық іс, немесе аяқталған істердің жалпы санынан 0,01 %. Демек, мерзімі бұзылып қаралған істердің үлес салмағы, 2006 жылдың деңгейінде қалған.
Сот төрелігін іске асырудың сапасы
Апелляциялық тәртіппен 2007 жылдың 9 айында 1 254 шешімнің күші жойылған немесе 0,8 %, 2006 жылдың осындай кезеңінде 1 379 шешімнің күші жойылған немесе 0,8 %. 1 688 шешім өзгертілген немесе 1,0 %, 2006 жылдың осындай кезеңінде 1742 шешім өзгертілген немесе 1,0 %. Қадағалау тәртібінмен 583 шешімнің күші жойылған немесе 0,4 %, 2006 жылдың 9 айында 791 шешімнің күші жойылған немесе 0,5 %. 183 шешім өзгертілген немесе 0,1 %, 2006 жылдың осындай кезеңінде 227 шешім өзгертілген немесе 0,1 %. Барлығы апелляциялық және қадағалау тәртіптерімен 1 837 шешімнің күші жойылған немесе 1,1 %, ал 2006 жылдың 9 айында күші жойылған шешімдер саны 2 170 немесе 1,3 % құраған. Демек, ағымдағы жылдың 9 айында, күші жойылған шешімдер көрсеткіші өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,2 % төмендеген.
Қылмыстық істерді қарау
2007 жылдың 9 айында республика соттарына 40 438 қылмыстық іс түскен, бұл 2006 жылдың 9 айында сотқа түскен 38 009 қылмыстық істен 6,4 % көп. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|