|
Зауыт өз қызметінде өзінің қазіргі және болашақтағы әріптестеріне өтеусіз негізде өзі шығарған өнімді тиеп жөнелтеді. Сонымен бірге зауыт өнімнің үлгілерін резидент еместерге «Арнайы кеден режимі» деген кеден режимінде тиеп жөнелтеді. Үлгілерді өтеусіз беру тауарды өткізу бойынша айналым болып табыла ма? Тауалардың осы өткізілуіне ҚҚС-ның нөлдік ставкасы бойынша салық салына ма?
Кеден кодексінің 7-бабы 1-тармағының 39-тармақшасына сәйкес тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ көлік құралдары, бұған осы баптың 43-тармақшасында аталған көлік құралдары кірмейді. Кеден кодексінің 253-бабының 5-тармақшасында көзделгендей, кеден істері мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ықтимал сұранысын айқындау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сол шикізаттың не өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері арнайы кеден режиміне орналастыруға жатады. Бұл ретте мұндай зерттеулерді жүргізу үшін жеткілікті коммерциялық құндылығы жоқ шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ең аз саны үлгі деп ұғынылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|