Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 Нормативтік Қаулысы (2018.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2015.25.06. № 3 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК» деген сөз «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды, «27», «65», «159», «249» деген цифрлар тиісінше «26», «72», «156», «279» деген цифрлармен ауыстырылды, «бірінші тармағында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Сот тәжірибесінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы кейбір заң нормаларын біркелкі түсіну және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2015.25.06. № 3 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Ғылым, әдебиет және өнер (авторлық құқық) туындыларын, қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындаған қатынастар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (бұдан әрі — АК), «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі — Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген ережелерге қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды күшейтетін заң актілері қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы осы құқықтық қатынастарды реттейтін мына халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|