|
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы (2023.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «ҚК», «ҚІЖК» деген сөздер «ҚК-нің», «КПК-нің» деген сөздермен ауыстырылды, «13», «77» деген цифрлар тиісінше «14», «79» деген цифрлармен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қылмыстың қайталануы және осыған байланысты құқықтық салдарларды анықтайтын қылмыстық заңдарды дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етті: ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 14-бабына сәйкес, егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. Қылмыстардың қауіпті қайталануы деп, егер осы адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса, ауыр қылмыс жасағаны; егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, аса ауыр қылмыс жасағаны танылады. 2. Сотталушының әрекетінде қылмыстың қайталануын анықтап, ол бойынша тиісті шешім қабылдау соттың құқығы емес міндеті болып табылады. Сондықтан заңда көзделген негіздер бар барлық жағдайларда, сот үкімнің сипаттамалы-дәлелдемелі бөлігінде алынбаған және жойылмаған соттылықтарды, бұрынғы және жаңадан жасалған қылмыстардың ауырлығын көрсете отырып тиісті негіздерді келтіруі және ҚК-нің 14-бабының тиісті бөлігі мен тармағына сілтеме жасап, қылмыстың қайталануының қандай түрінің анықталғаны туралы шешімді үкімнің қарар бөлігінде көрсетуі тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|