|
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 198-бабына сәйкес резидент-банктер жасайды. 2. Есеп Есептің өзінен (101.09-нысан) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығының сомасы туралы ақпаратты қамтитын қосымша нысаннан тұрады. 3. Есепт қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 6. Қосымша нысанда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда, аталған қосымша нысан берілмейді. 7. Қосымша нысан парағының жолдарында көрсеткіштер саны артып кеткен жағдайда, қосымша нысанның осыған ұқсас парағы толтырылады. 8. Қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде тиісті қосымшаның «Резидент-банктер туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. Салық есептілігі нысанының кейінгі парақтарында «СТН» және «салық кезеңі» жолдарын толтырған кезде бұл жолдар осы тармаққа сәйкес толтырылады. 9. Есепті беру кезінде: 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады; 2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық агенті почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|