|
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Қол қойылатын бонус бойынша декларацияны жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қол қойылатын бонусты есептеуге арналған Қол қойылатын бонус бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті ұяшығы толтырылмайды. 5. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақ торкөзіне «-» белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады; 2) почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес электронды түрде - салық төлеуші Декларацияны тапсыру туралы хабарламаны (растау) электронды түрде алады. 7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және расталады.
2. Декларацияны жасау (510.00-нысан)
8. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді: 1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 2) салық кезеңі - Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі); 3) салық төлеушінің аты-жөні және атауы. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|